Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Ұлым үшін бүйрегімді сатуға дайын едім": Тараздық үш жасар балақайдың ата-анасы ұлын құтқару үшін жанталасуда

Тараздық үш жасар бүлдіршін Әлижан Дидарұлының өмірі қыл үстінде тұр. Қарапайым отбасында өмірге келген сәбиге "сүйектің қатерлі ісігі" диагнозы қойылған.

"Ұлым үшін бүйрегімді сатуға дайын едім": Тараздық үш жасар балақайдың ата-анасы ұлын құтқару үшін жанталасуда
фото: nur.kz

Мұндай ауыр диагнозды естіген ерлі-зайыптылар балақайдың дертіне шипа іздеп, отасына қажетті қыруар қаражатты қайдан табарын білмей отыр, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осыдан екі жыл бұрын ұлына ауыр дерт жабысқанын білген Әлижанның ата-анасы Қазақстандағы мүмкін болған емнің бәрін қабылдады.

Алайда мұның бірінен де шипа қонған жоқ. Жоғарғы дозалы химия алғандықтан, Әлижанның бауыры мен талағы бірнеше рет үлкейіп, іші де қатты өсіп кетті. Қазіргі таңда Әлижанның өмірі аурухананың жансақтау бөлімінде өтіп жатыр.

Түркиядағы Медиполь емханасы сәбиді аман қалуға бар күшін салуда. Бірақ отаға қажетті миллиондаған қаржыны табу жас отбасы үшін қиынға соғып отыр.

Амалы қалмаған әкесі ұлын құтқару үшін бүйрегін сатуға да дайын еді. Алайда туыстары оған әрең деп тоқтау салды.

"Ұлым үшін бәріне де дайынмын. Бүйрегімді сатпақ та болдым. Егер отаға қаражат жиналмаса, жағдайымыз не боларын білмеймін", - дейді сәбидің әкесі Дидар.

Қазіргі таңда Әлижан Түркияда емделуде. Оған үш рет химиотерапия беріліп, дәрігерлер сәбидің талағын алып тастаған. Шетелдік ауруханадағы ем-дом балақайға жақсы әсер етіп жатыр. Бірақ отаның сомасы шамадан тыс үлкен. Әлижанды аман алып қалу үшін 144 миллион теңге қажет. Қазіргі таңда 34 миллион қаржы жиналған. Ал санаулы күндерден соң өтетін ота үшін әлі қыруар қаражат жетпейді.

Осы орайда, Әлижанның ата-анасы мейірімді жандардан көмек сұрап, ұлын құтқару үшін қол созуды өтінеді.

Реквизиттер: Kaspi: +7 700 128 07 99 Назира М