Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

СҚО-да 14 жастағы жасөспірім шалғымен қарындасының ішін жарып алды

Петропавлда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері нағыз ерлік жасады. Олар шөп шабуға арналған триммерден зақымданған үш жасар бүлдіршіннің ішкі құрылысын бөлшектеп жинап, қыз баланы ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

СҚО-да 14 жастағы жасөспірім шалғымен қарындасының ішін жарып алды
Фото: ашық дереккөзі

Жан түршігерлік оқиға Есіл ауданының орталығы Явленко елді мекенінде болды. Алдын ала болжам бойынша, 8 жастағы бала өзінің қарындасын шөп шабатын құрылғымен абайсызда жарақаттап алған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала тримерді өзі қосып, бұталардың арасында отырған 3 жастағы қызды байқамай қалып, ішінен тіліп жіберген. Салдарынан бүлдіршіннің бауырына, ішегіне және асқазанына қатты зақым келген. Науқас алғашында ауылдық амбулаторияға, артынша Есіл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл уақытта ауылға Петропавлдан мамандар көмекке жетті. Балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Олег Новицкий, реаниматолог Вадим Иванов және анестезиолог Әсия Ералина оқиға орнына келіп, бірден операцияға жасады. Ол 5-6 сағатта дейін жалғасқан. Ақ халатты жандардың кәсіби шеберлігінің арқасында бүлдіршін құтқарылды. Екінші күні оның жағдайы тұрақталған соң, мамандар оны облыстық балалар ауруханасына алып келген. 

«Тілік оң жақ қабырға бойынан басталып, сол жақ арқасына дейін болған. Баланың ішектеріне, асқазанына, бауырына зақым келді. Асқазаны болса мүлде екіге бөлінген, бауырының бір бөлігін тіліп түскен. Бүкіл ішектері бірнеше жерден кесілген болды. Қызды аман алып қалдық. Бұл әуелі  ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, Явленка аудандық ауруханасының білікті мамандарының арқасы. Олар тез арада дұрыс шара қолданып, жағдайды тұрақтандырып, қажетті дәрі-дәрмек беріп, ауырсынуды басты. Аудандық аурухананың реаниматологы жағдайды бақылауда ұстап, қажетті анестезиялық-реанимациялық жұмысты жоғары деңгейде жүргізді. Түнгі 12-ден бастап, таңғы сағат 6-ға дейін күрделі операция жасалды. Ең қиыны - ол асқазанды қайтадан жалғап, бауырдан қан тоқтату болды.  Және кесілген ішектердің барлығын жалғап, ағзаларды орнына келтіру оңай болмады. Қазір бүлдіршін тірі. Бірақ, жағдайы ауыр», - дейді СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Әзір науқастың жағдайы тұрақты болғанымен өте ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Енді мамандар бүлдіршінді республикалық санавиациямен елордадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жіберуді жоспарлап отыр. Енді ол сол жерде ем қабылдайтын болады.

«Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес беремін. Қалай болғанын өзімізде аңғармай қалдық. Қазір үлкен балама да оңай емес. Қатты уайымдап отыр. Аудандық, облыстық балалар аурухананың дәрігерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Енді кішкентай қызымыз тез тәуір болып кетсе дейміз»,- дейді науқастың анасы Виктория Фишер.