Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бүлдіршінді аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Онымен қоса, балабақша тәрбиешісі балаларды бір-біріне айдап салған, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Бүлдіршінді аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Жұрттың ашуын тудырған бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнежазбада көрсетілгендей, жасы 50-лер шамасындағы келіншек бүлдіршіннің басынан шапалақпен аямай 5-6 рет тартып жібереді. Қол көтерген тәрбиешінің айтуынша, балақай бұзықтық жасап қойған секілді. Содан кейін ол екі кішкентай қызды бір-біріне айдап салған. Қаздардың бірі екіншісін итеріп жіберген екен.

Алина, бері кел, сенің қандай хақың бар, неге ұрасың біреудің қызын, мен ұрсам жарасады.

Бері кел, не істеді ?

— Итерді.

— Сен де итеріп жібер, — делінген видеода ашуға булыққан тәрбиеші.

Алайда бұл оқиғаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Желі оқырмандары, мұндпй тәрбиешіні жазаға тарту керегін айтуда. Тіпті, оны соттау керек деген де пікірлер жазылған.