Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Жаңа Қазақстанда» әділдік жоқ»: Қайрат Құдайберген халықты митингіге шақырды

Бизнесмен Қайрат Құдайберген Facebook желісінде «заңды бейбіт митингті талап етіп, соған бір бастан жаға болып шығыңыздар» деп жазған жазбасын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жаңа Қазақстанда» әділдік жоқ»: Қайрат Құдайберген халықты митингіге шақырды
Фото: ашық дереккөзі

«Абақтыда жазықсыз отырғаныма, міне 5 айға таяп қалды. Бірінші, екінші, үшінші айларда тергеушілер менің ұялы телефонымды, компьютерді, флешкаларды қаңтар оқиғасы кезінде болған жерлерді тексереміз, мен бар видеобейнелерді сараптаймыз, телефон арқылы кіммен сөйлескенімді анықтаймыз деді. Одан кейін сот санкциясын тағы 1 айға созды. Әй қазақпын ғой деп, сабыр сақтадым. Бірақ төртінші ай өткеннен кейін, тергеушілер тағы 2 айға санкцияны создырды.

Менің заңды қорғаушыларымның екі ай не үшін керек дегенде, Қайрат Құдайбергеннің қандай компанияларға, бизнестерге қатысы бар екенін білу үшін деп жауап берді, яғни мен қандай кәсіпкерлікпен айналысатын компанияларға, құрылтайшы ретінде тіркелгенімді анықтамақшы. Ең басты туындаған сұрақ: Бұл мәліметтердің, қаңтар оқиғасына қандай қатысы бар? 123 күннің ішінде тергеуді жүргізіп, менің жазықсыз екенімді біле тұра, менің бас бостандығымды тағы 2 айға айырды. Маған тергеушінің бірі ашылып «сенің үстіңнен бірдеңе таппай, жәй жығар, олардың өздерінің бастары кетеді» деді. Абақтыда жазықсыз 5 айға жуық уақыт отырып «Жаңа Қазақстанда» әділдік пен әділеттіліктің жоқ екендігін анық көрдім.

Арғымақтың құйрығы,

Әрі жібек, әрі қыл

Ер жігіттің белгісі –

Әрі мырза, әрі құл…

деген қазағым. Мырзалығымды көрсетпей, жеріме шын ниетпен құлшылық еткенім үшін, елім деп қанды қаңтар оқиғасы кезінде шыққаным үшін, мені 20000 террористтердің бірі деп жазықсыз абақтыға тықты. Әділетсіз «Жана Қазақстан» режимі қанша тұрады екен? Президент Тоқаев, бейбітшілік митингтерге әкімшілікке «уведомление» беру арқылы шыға беру болады деген бірақ шынайы өмірде менің анама және басқа белсенді адамдарға, менің жазықсыз абақтыда отырғаныма қарсы бейбіт митинг өткізуіне Алматы қаласы әкімшілігі сылтаулатып 5-6 рет тыйым салды! «Жаңа Қазақстанда» әділеттілік жоқ, сол себептен қазақ елі сізден көмек сұраймын, намысы бар қазақ ерлері мен ботакөз қарындастарымнан көмек сұраймын!

Әрдайым еліме қолымнан келгенше қызмет еттім, енді сіздердің қолдауларыңыз кажет! Заңды бейбіт митингті талап етіп, соған қазағым, бір бастан жаға болып шығыңыздар!

Жалғыздың үні шықпас, қазағым бір болсын!» – деп жазды ол.