Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтауда жаттықтырушы 5 жастағы шәкіртін зорлап келген

Бұл туралы «НеМолчи.Kz» қоры фейсбук парақшасында хабарлады. Қордан көмек сұрап, кішкентай қыздың туысқан әпкесі дабыл қаққан. 

Ақтауда жаттықтырушы 5 жастағы шәкіртін зорлап келген
фото: әлеуметтік желіден

Қор өкілдерінің айтуынша, сенім телефонына хабарласқан бойжеткен 5 жасар жиенін жаттығу кезінде жаттықтырушы бірнеше рет зорлап, азғындық жасағанын жеткізген.

Белгілі болғандай, анасы қызының жағдайынан күдіктеніп анықтап сұрағанда, бала каратеден жаттықтырып жүрген 19 жастағы жігіттің өзіне азғындық жасағанын айтып берген.   

«Жаттықтырушы қыз балаға ата-анасына ештеңе айтпауды бұйырып, бұл екеуінің өзара құпиясы екенін айтқан. Сөйтіп, кішкентай қыз бапкердің айтқанын орындап жүрген. Бала орталыққа 2021 жылдың қыркүйегінен бастап барады, ата-анасы оны соңғы 3-4 айдан бері зорлыққа ұшырап келген деп есептейді», - деп жазады қор белсенділері.

Айта кетерлігі, күдікке ілінген жігіт 18 жасында Ашихара-каратеден әлем чемпионы болған, ал 2021 жылдың қыркүйегінде балаларды жаттықтыра бастаған. Ол қысқа уақыт ішінде балалар мен ата-аналардың сеніміне кіріп, өзін жағымды адам ретінде көрсете білген.

«Әдетте сабақ кезінде ата-аналар балаларын залдың сыртында күтіп отырады. Сол жолы қыздың анасы мен тағы бір ата-ана сәл ертерек келіп қалып, жаттықтырушының жоқ екенін, ал балалардың жүгіріп, залда ойнап жүргенін байқайды. Артынша бапкер бейнекамера орнатылмаған киім ауыстыратын бөлмеден шығады, оның соңынан қыз бала шыққан. Кішкентай қыздың терлеп, шашы ұйпа-тұйпа болып қалғаны, киімі де дұрыс киілмегені көрініп тұрған. Анасы қызынан жаттықтырушымен не үшін киім ауыстыратын бөлмеде жүргенін сұрағанда, қызы «бұл құпия» деп жауап берген. Жаттықтырушы бұл жайтқа қатысты қыздың жарысқа қатысқысы келіп жылағанын, ал өзінің оны жұбатқанын айтқан!» – дейді қор өкілі.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта баламен психолог жұмыс істеп жатыр. 

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.