Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне күдікті ұсталды

Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөліміндегі әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды. 

Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне күдікті ұсталды
Фото: stan.kz

ҚР ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі басқармасының әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Б.Мираштың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі бойынша – ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеуіне байланысты тергеудің барысы мен қылмыстық істің мән-жайлары туралы толығырақ ақпарат берілмейді.