Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Ақшаң болмаса, өлме". Жұрт енді қабірді бөліп төлеу арқылы жасата бастаған

Қазақстандықтар енді мазараттағы қабірді бөліп төлеу арқылы қарызға жасата бастаған. ТікТок қолданушысы оның видеосын парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

"Ақшаң болмаса, өлме". Жұрт енді қабірді бөліп төлеу арқылы жасата бастаған
фото: exk.kz

Видео авторы қабірдің құны 490 мың теңге екенін айтады. Және оны 24 айға бөліп төлеу арқылы жасатып жатқан көрінеді.

"Қабірді бөліп төлеу арқылы алдық" деп жазылған бейнежазбада. Онда моланың кірпіш қаланған қабырғасын біркелі етіп қырып тұрған жігітті көруге болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары бұл шариғатқа қарсы екенін алға тартты. Пікір қалдырғандардың бірі қабірді бөліп төлеуге жасатып жүргендерді сынның астына алды.

"Ақшаң болмаса, өлме деген сөз бе енді бұл?", "Енді намазды "рассрочкаға" жасадық деген шықпаса болды", "Тірі кезінде тауық сойып бере алмаса, өлгенінде жылқы сойып керегі жоқ", "Осы күнге де жеттік пе, масқара", "Тірісінде бермегенді өлгенде үстіне үйеді деген осы-ау", "Не сұмдық? Қабірді сатқаны несі?", "Мынау қай жерде? Масқара", "Мынаны сатып отырған адамда да, алып отырған адамда да ми жоқ екен", "Құдай сақтасын, енді осыны бизнеске айналдырдыңдар ма?", "Жатқан адамға Алла жеңілдігін берсін. Білмей істеп жатқан пенделерді кешіре гөр" деп жазды желі қолданушылары.