Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Дедовщина деген дүние орыстан жұққан әдет": Қоғам белсендісі әскердегі өлім-жітім жайлы

Орыстардан кірген екі нәрсе бар. Біреуі атышулы дедовщина. Негізі КСРО-да ең алғаш рет ресми тіркелген дедовщина 1919-да болыпты. 3 жігіт армияда жабылып 1901-інші жылы туылған жігітті ұрып өлтіріп қояды. Сол кездегі армияның заңы бойынша 3 жігітті де ату жазасына кеседі. Содан ол бәле азайып қалыпты. Бірақ кейінірек 1967 жылы КСРО әскеріндегі 3 жылдықты 2 жылдыққа ауыстырғанда жаңадан келгендер мен ескілер бір жерде әскерде болып сол жылдары дедощина өсіп өркендеді дейді.

"Дедовщина деген дүние орыстан жұққан әдет": Қоғам белсендісі әскердегі өлім-жітім жайлы
фото: turkystan.kz

Дені сау елдерде бұл бәле жоқ немесе өте аз. Көп елдер бұндайды түсінбейді. Армияда адамдардың бір бірін малдан бетер ұстаулары сол КСРО-дан қалған нәрсе. 30 жыл өтсе де әлі құтыла алмай келеміз. Нәтижесінде әскерге кеткен баланың шешесі үйінде баласын соғысқа шығарып салғандай күтіп отырады.

Екінші нәрсе өткенде Лаосқа кетіп қалған қазақ қызы. Байқасаңыздар көшеде жалғыз жүрген түріктің немесе арабтың қыздарын көрмейсің. Олар шетелге қыздарын жұмыс істетпек түгілі оқуға да жібермейді. Қазақ қызы шетелге жұмыс істеуге кетсе, бірінші кезекте қазақ еркектерінің әлсізді деп білемін. Себебі қызына, қарындасына немесе әпкесіне жағдай жасай алмады.

Бірақ бұл жерде де орыс мәдениетінен енген намыссыздық та бар. Мысалы мен Түркияда оқыдым. Сол кезде көп елдің қыздары өз өзімен жүрсе, біздің қазақтың қыздары түрікпен де, басқасымен де жүре беретін. Шетел болған соң Айман Мехметпен көшеде құшақтасып жүр демейді. Қазақтың қызы түрікпен жүр дейді.

Мен 1 жыл тұрған Бурса деген қалада мини юбка киетін қыздарды түріктер жәлеп деп ойлайтын. Өкінішке орай ұлттық мәселелерде немқұрайлы қарау да орыстардан жұққан ба деп ойлаймын. Себебі орыстың қыздары да түріктермен жүре береді. Қызға 40 үйден тыйым дейтін қазақ қазір қыздарын шетелге жұмысқа жіберіп отыра беретін болды. Былтырлары Дубайда ұсталған жеңіл жүрісті қазақтың қыздары соның дәлелі.

Қоғам белсендісі Сәбит Рысбаевтың facebook парақшасынан