Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Тірі тауар": Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда жаңа туған нәрестені сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz –ке сілтеме жасап.

"Тірі тауар": Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)
фото: коллаж paryz.kz

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды. Олардың әрқайсысының рөлдері нақты бөлінген.

«Туғанына алты күн болған қызын 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы адам сатпақ болған. Олардың құрсақтағы баласын сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағандығы анықталды. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы. 48 жастағы У.есімді азамат және 46 жастағы Е.есімді азаматша. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалысқа жасалды. Алайда Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар. Келесі қадам ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А.есімді азаматшаны ұстау болды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Алайда полицияда нәресте мен мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұсталғанын атап өтті.

«Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәбиі болған, болжам бойынша үш және айлық балалар. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды “тірі” тауар ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайды», – деді Аханов.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.