Интернетте "су перісі" жартастардың жанындағы тоғанда жүзіп жүрген видео жарияланды.
Роликке "Қапшағай жағасында су перісі табылды" деген қызықты сөйлем жазылған. tengritravel.kz тілшісі "перімен" байланысып, оның ерекше бейнесі мен хоббиі туралы сөйлесті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Қыздың аты - Дарья, алматылық. Ол су перісі костюмінде әдемі видеолар түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскенді ұнатады. Соңғы видео 3,5 миллион рет қаралды және оқырмандар қызық пікірлер қалдырды.
Ол сенсациялық видео туралы айта отырып, досының әлеуметтік желілерге арналған клипінің бэкстейдж түсіргенін мәлімдеді. Видео демалыс орындарының бірінде түсірілген.
"Мен видеоны монтаждап, Қапшағайда су перісі жүзіп жүргендей етіп жаздым. Маған бұл жай бейне сияқты көрінді, бірақ ол үш миллион рет қаралды", - дейді ол.
Оқырмандар Дарьяның видеосына екі жақты пікір білдірді. Олардың бірі: "менің күйеуім неге үнемі балық аулауға кетеді деп ойласам", - деп жазады, екіншісі бұның Қапшағай екеніне сенуден бас тартады: "Қапшағайда мұндай орын жоқ" деп жазды ол. Кейбіреу "мен кеше акваманмен жүздім" деп әзілдейді. Басқалары сұлулыққа таңғалады: "әдемі қыз", "қандай сұлулық", "қандай әдемі костюм". Дарьяның өзі теріс пікірге жауап бермейтінін және барлық пікірлерді көңілді оқығанын айтады.