Ғаламторда жуырда ашылған Елордадағы алып мешітте ән салып, билеп жүрген қыздың видеосы тарады, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Бейнежазбадан жеңіл көйлек киген белгісіз қыз мешітте билеп, ән шырқап жатқанын және тамашалап тұрған адамдардың бірі «ішіне семіз жын кірген» деп айтқан сәтін көруге болады.
Қауіпсіздік қызметі қызды тыныштандыруға тырысады, бірақ ол күзетшілерден қашып үлгереді.
Пікір жазушылардың көпшілігі діни мекемедегі қыздың орынсыз әрекетіне наразылықтарын білдірді.
Әзірге видеодағы қыздың кім екені, қашан түсірілгені белгісіз.