"Мені сынағандардың бәрі де шайтан мен ібілістің әскері. Олар менімен айқасып жатқан жоқ. Мендегі дінмен айқасып жатыр". Бұл пікірді Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
"Менің дінім бар. Шайтандар бір сәт қалғымайды. Олар менімен айқасып жатқан жоқ. Мендегі дінмен айқасып жатыр. Мендегі иманмен айқасып жатыр. Сондықтан иманы бар адам мен оларға жаман претендентпін. Мұсылман адам, намаз оқитын адам мынандай нәрсе жасауы мүмкін деген нәрсені жоққа шығару үшін олар барын салады. Олардың өлтіруге тайынбайтынына кейінгі кезде көзім жетіп жатыр", - дейді Бекболат Тілеухан.
Журналисттің "Сынаушылар ма?" деген сұрағына Тілеухан "Сынаушылар емес, олар шайтан - ібілістер" деп жауап берді...
"Сынаушылар емес шайтан, малғұн бар ғой. Шайтан - Ібіліс дейтін... Негізі рас ол. Бар нәрсе. Ібіліс дейді, сатана дейді, шайтан, малғұн дейді. Сол шайтан, малғұнның әскері болады. Сол әскердің құрамы әртүрлі ұлттан болады. Шайтанның әскері қазақта да болады, орыста да болады. Басқада да болады деген сияқты ғой. Сол әскердің негізгі айқасатын адамы осы иманды адам. Әйтпесе, шынында да мен не жасап қойдым? Ештене жасаған жоқпын", - дейді ол.