Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Сарыағашта қайын атасы келіні мен бес немересін үйінен шырқыратып қуып шықты (ВИДЕО)

Сарыағашта 5 балалы келіншекті қайын атасы мен күйеуі үйінен қуып шықты. Әлеуметтік желіде Сарыағаш қаласында түсірілген видеожазба тарап жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Сарыағашта қайын атасы келіні мен бес немересін үйінен шырқыратып қуып шықты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Видеоны түсірген келіншек қайын атасының ұрып үйінен қуып жатқанын, заттарын көшеге шығарып тастағанын түсірген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары да барған. Аталған жағдай бойынша түсініктеме берген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Отбасының Түркістан облысы Полиция департаментінің бақылауына алынғанын» жеткізді.

«Әйел азаматша бұрынғы күйеуінің үстінен арызданған. Тәртіп сақшылары жинақталған құжаттарды Сарыағаш аудандық әкімшілік мамандандырылған сотына жолдады. Сонымен қатар  әйел қорғау нұсқамасына алынды. Ал жәбірленуші әйел қайын атасына қатысты полицияға ешқандай арыз-шағым түсірмеген. Егер де  қандай да бір шағымы болса, полицейлер тексеру жүргізіп, заңды шешім қабылдауға дайын», – делінген ақпаратта.

Ал видео астындағы жазбада 5 баламен барар жер, басар тау жоқ әйелдің далада қалғаны айтылады.

"Психологиялық стресстен баласы ауырып ауруханаға түсті, қазір маған сол жақтан жазып отыр. Мән-жайдың бәрін енесі біледі, араласса өзі таяқ жейді", – деген жазба авторы.