"Сондай-ақ 90 адам әкімшілік жауапқа тартылды".
Павлодар облысында 500-ден астам адам азаматтығынан айырылып, қос азаматтығы бар 90 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы paryz.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
«2020 жылдың 10 айында 544 адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. Оның ішінде 454 адам басқа мемлекеттің азаматтығы бар екенін хабарлады. Сондай-ақ 90 адам әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Уәлиев.
Сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтығын алу туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 55 құқық бұзушы және 1 лауазымды адам жауапқа тартылды.