Қаланың бас санитар дәрігері Алмат Байкенов өз әрекетіне «айыппұл мөлшері үлкен болған соң қоғамдағы жағдайды одан бетер ушықтармайын дедім» деген түсініктеме берді.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, полицияның хаттамасы негізінде салынуы тиіс айыппұлдың тек 4 пайызы жүзеге асырылған деп хабарлады paryz.kz, "Костанайская новости" басылымына сілтеме жасап.
Кейбір кәсіпкерлерге айыппұл жеке тұлға ретінде салынса, кейбірі тіпті жауапкершілікке тартылмаған болып шықты. Этика жөніндеге кеңес мүшелері бұл әрекеттің тұрғындардың карантиндік талаптарға салғырт қарауына себеп болады дегенді алға тартты. Әрі мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұқсан келтіреді.
Қаланың бас санитар дәрігері Алмат Байкенов өз әрекетіне «айыппұл мөлшері үлкен болған соң қоғамдағы жағдайды одан бетер ушықтармайын дедім» деген түсініктеме берді.
Кеңес мүшелері Байкеновті тәртіптік жауапкершілікке тартып, ескерту жасады. Ескерту мерзімі аяқталған дейін ол байқау негізінде басқа мемлекеттік қызметке ауыса алмайды. Жұмыстан шығарылған жағдайда 3 жылға дейін мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынады. Ол туралы мәліметтер Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқармасына енгізілді және ол 3 жыл мерзімде сонда сақталатын болады