Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында хабарлады,. 

ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды
фото: ІІМ

"ШҚО-да бала табылды. Ол аман-сау. Оны ЖҚАЖ қызметкері тапты", - делінеген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы бала жоғалып кеткені хабарланған болатын.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқан.