Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақмола облысындағы трагедия: жас келіншек үшінші баласынан айырылуы мүмкін

Өрт болған кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. 

Ақмола облысындағы трагедия: жас келіншек үшінші баласынан айырылуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында иіс тиіп уланған екі қыздың анасы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, 24 жастағы келіншек қайғыдан қан жұтып отыр. Оған медициналық көмек көрсетілді. Аяғы ауыр, жүктілікті тоқтату қаупі бар.
Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Үйде сырттан жауып кетуге болмайды. Ал, ең бастысы, сіріңке, оттық сияқты құралдарды баланың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс.

Еске салсақ, 11 тамызда Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында қайғылы жағдай болды. 5 және 3 жасар екі қыз үйде жалғыз қалып, сіріңкемен ойнаған. Ойыннан от шығып, үйдегі жиһаз өртенді.

Түтінді көрші үйдегі ер адам көрген. Ол терезені сындырып, балаларды дереу сыртқа алып шыққан.
Олар ауылдық ауруханаға жеткізілді.

Алайда газдан уланғандықтан, көз жұмды.
Өрт болған кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. Ал әкесі жұмыста болған.