Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

“Мәңгілікке ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар” - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы оқырмандарын шошытып, алда болатын отасына байланысты "оянбай қалсам, қош болыңдар" деп жазба қалдырды.

“Мәңгілікке ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар” - Сәуле Әбілдаханқызы
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

""Менің өліміме мына адамдар кінәлі..." деп, өзіме оффлайн-өмірде иттік жасаған, он-лайн өмірде кибербуллинг жасаған жүз адамның демей-ақ қояйын, он адамның аты-жөндерін жазып, фактілерді жариялап кетейін бе?..)

Қорықпаңдар. Мен қандай ит болсам да, ондай жексұрын тірлік жасамаймын. Жөнімен өлетін жақсы итпін...))

Но!!! Қаз-қалпында баяндалатын оқиғалардан тұратын кітабым жарыққа шыққанда, мың адам жабылып сотқа беретіндеріңді білемін. Оған да дайынмын.

Жай...

Ертең операция...

Быдыруг, наркоздан мәңгілікке ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар. Жай, соны айта салайын деп...

Қош бол, сәулем, көргенше,
Қайта айналып келгенше!...- деп әндетіп кетті дейсіңдер ғой...)

Қызғаныштың қызыл иті ішін тырнаған іштарлардан сұлу болғаным үшін, ақылды болғаным үшін, бақытты болғаным үшін, рухты болғаным үшін, әділетті болғаным үшін, күрескер болғаным үшін, адал болғаным үшін кешірім сұрамаймын, бірақ бәріңді кешіремін. (Соңыма шам алып түскен, мені Жақсы Адам болғаным үшін жек көрген дұшпандарыма қатысты).

Ал ренжіткен болсам, жақындарымнан, жақсыларымнан кешірім сұраймын.

Ниче. Біреу ерте, біреу кеш, бәріміз өлеміз. Ертең болмаса, кейін... сосын бәріміз ана әлемде - Рухтар әлемінде кездесеміз. Ең кереметі - ол әлемде Рухтар пенде емес. О жақта тувелеспейтін боламыз...

Бірақ, "сол кезде бекер тувелесіппіз иә?" деп осындағы иттіктерімізге өкінетін боламыз... Ұялатын боламыз... бәріміз бір-бірімізге тілектес, кешірімшіл боламыз...

Рухы қап-қаралар! Рухы аппақтарға қара күйелеріңді жақпауға тырысыңдар! Ана жақта бетіне қарай алмай, бетіңді басып қаласың...

Айт не, айтпа не... бәрібір түсінбейсіңдер... ары қарай тувелесе беріңдер...

"Ал енді қоштасайық, сардар аға,
Мен ертең кетем ұшып сардалама..." десем, "қуып кетті" дейсіңдер ме? Дей беріңдер...

Блю-блю ғой...
Бұл Өмірді де, О Дүниені де...)

*Айтпақшы, әй, билік, "блю-блю болса, бара ғой, нәкәнес-ты" деп бір уколмен қатыра салып жүрмеңдер... Құдай өзі шешсін, жарай ма? Менсіз де "қатырып" жатқандарың аз емес қой... Талқаным таусылмаса, қайтып келемін деген үмітім басым...)(

Ірбәта, дабайте жіт дружны!!!!!", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.