Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттер табылған жоқ: іздеу тоқтатылды

Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы, Ақсу өзенінде суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттер табылған жоқ: іздеу тоқтатылды
Фото: коллаж

Төтенше жағдайлар департаменті, құтқарушылар 6 метр тереңдікке түсіп таппады деп отыр.   

«Іздеу учаскесінің өзі 30 шақырымнан аспайды, бірақ, біз батып кеткен жігіттердің денелерін табу үшін оны екі жақтама бірнеше рет жүргіздік. Сонымен қатар, сүңгуірлермен 180 шақырым су асты тексерілді. Оларға эхолот көмекке тартылды, оның көмегімен белгілі бір аймақтағы тереңдікті ғана анықтауға және өзеннің түбінде адам болған жағдайда мүсінін көру мүмкіндігі бар. Өкінішке орай, 6 метр тереңдікке түскен сүңгуірлердің әрекеттері сәтсіз болды»,-деп мәлімдеді Түркістан облысының ТЖД. 

Мамандар, азаматтардың денесі жер асты галереясына түсіп кетуі мүмкін деп болжап отыр. 

«Бұл жер асты галереялары өте қауіпті, сондықтан бұл аймақтар ізделмеді. Тереңдігі 50-60 метрге дейін жетіп, ағыс қатты болуы мүмкін. Студенттердің денелері осы жерасты галереяларында тұрып қалған болуы керек деп күдіктенеміз. Ақсудың суы тоңазытқыштағыдай өте суық. Қазір іздеуді жалғастыру дұрыс емес, сондықтан оларды тоқтату туралы шешім қабылданды»,-деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев. 

Оның айтуынша, суға кеткен студенттерді іздеу жұмыстары қыркүйек айының соңында Ақсу өзеніндегі су деңгейі дәстүрлі түрде минимумға дейін төмендеген кезде жалғасады. Ал ауа температурасы төмендеген сайын ағынның жылдамдығы да төмендейді.

Естеріңізде болса, биыл 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 21 студентінен құралған топ Шымкент қаласынан Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы, Ақсу өзеніне барған. Дәл сол күні 21 жастағы екі азаматтың суға батып кеткені туралы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне қоңырау түскен. Демалуға келген студенттердің барлығы да Үндістан Республикасының азаматтары. Айта кетейік, суға азаматтар өздерінің бірге оқып жүрген достарының көзінше батып кеткен.