Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Kaspi Red-пен алған ас харам ба? – Мүфтият өкілі жауап берді

Қазақстан мүфтияты Kaspi Red-пен сатып алынатын азық-түлікке қатысты мәлімдеме жасады.

Kaspi Red-пен алған ас харам ба? – Мүфтият өкілі жауап берді

«Сұрауы бар» YouTube арнасында болған подкаста жүргізуші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілінен Ислам дінінде банк арқылы жасалатын саудаға қатысты үкімнің қалайй болатынын айтып беруін сұрады.

«Kaspi Red арқылы тауар сатып алатын болса, шариғат рұқсат етпейді деп пәтуа қабылданды. Ал сатушыға ол күнә емес. Ол күнәні сатып алушы өз жауапкершілігіне алады», – деді діни басқарманың өкілі.

Сондай-ақ сұхбат барысында қазіргі кезде кең тараған, бірақ шариғи үкімін көпшілік біле бермейтін майнинг, құнды қағаздар нарығы мен желілік маркетингке мешіттердің ресми ұстанымы айқындалды.

«Майнинг дұрыс болуы үшін мемлекеттің бақылауында болуы керек. Оның бағасы кез-келген уақытта көтеріліп кетуі немесе түсіп кетуі мүмкін. Зиян шегетін халық. Осы шарттар табылғанда ғана рұқсат, табылмаса рұқсат жоқ. Қазіргі кезде биткойн болсын, тұтыну кооперативтері, желілік маркетингтен көбінесе шариғаттың шарттары табылмайды. Сондықтан біз адамдарды бұндай нәрселермен барынша айналыспауға шақырамыз», – деп ескертеді Хасан Аманқұлов.

Құнды қағаздар саудасының адал болуы үшін де шариғаттың қоятын шарттары бар.

Алайда біз тек кеңес береміз. Оларды орындамаған адам жаза тартады немесе күнәһар болады деп үкім етпейміз, – дейді имамдар.