Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Талай адамның көз жасына қалдың»: Тұңғышбай Жаманқұловқа түрмеден хат

Азамат Көшенов актердың жаласына жауап берді. 

«Талай адамның көз жасына қалдың»: Тұңғышбай Жаманқұловқа түрмеден хат
Фото: ашық дереккөзі

Facebook желісінде Азамат Көшенов деген азаматтың белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловқа хаты жарияланды. Ол «Exponat» компаниясының бұрынғы қызметкері екен. Бұл хатқа әлеуметтік желіде күн емес, сағат сайын шығып жатқан жүздеген, мыңдаған жазбаларға сияқты мән бермеуге болатын еді. Хатты оқығанда оған мән беріп, өзіміз қызмет ететін ақпарат агенттігіне жариялауды жөн көрдік. Сонымен, хатты басынан аяғына дейін оқып шыққанда түсінгенім, «Exponat» компаниясының бұрынғы қызметкері Азамат Көшенов біреулердің жала жабуымен сотталып, темір тордың ар жағында отыр екен. Оның түрмеде отырғанына да екі айдай уақыт өтіпті. Оны өзі хатты жазады. Ол Тұңғышбай Қадырұлына хатында оған сәлемін бере келіп, қал-жағдайды сұрасқан соң, әртістің кесірінен талай адамның бас бостандықтарынан айырылып жатқанын тілге тиек етеді.

«Сәлем достар! Міне, менің түрмеде отырғаныма 2 айдай уақыт өтіпті. Ассалаумағалейкум Тұңғышбай аға! Үй-іші, бала-шаға, мал-жан аман ба? Сіз мені мүлде танымайсыз, менде сізді танымаймын, тек актер ретінде ғана танимын. Бірақ өмірде жолымыз түйіспесе де, менің пешенеме сізді тану, білу жазылыпты.... Менің аты-жөнім  – Азамат Көшенов. Әрине, бұл есім сізге мүлде таныс емес, бірақ сіз танымайтын адамға жала жапқаныңыз қызық болып тұр», –  деді ол.

Хатта Азамат Көшенов Тұңғышбай Жаманқұловтың өзіне жала жапқанын, соның кесірінен екі айдан бері қамауда отырғанын хабарлады. Одан әрі ол актердің Арыстанбек Мұхамедиұлымен теке-тіресін, екеуінің бір-бірлерін аса қатты ұната бермейтінін, сол араздасудың екеуінің өміріне кесірін тигізіп жатқанын айтты.

«Тұңғышбай аға, сіз мені танымасаңыз да, сіз Арыстанбек Мұхамедиұлын жақсы тануыңыз мүмкін, араларыңызда біраз теке-тірес болғаны бәріне мәлім. Кезінде артыңызға адам салып қылмыстық іс қозғатып, абыройыңызды айрандай төгіп, біраз ығырыңызды шығарып еді. Сол кек сізде сақталып, бүгінгі таңда өмір алма-кезек болып Мұхамедиұлының өзі істі болып отыр. Сіздің арызыңыз шенділер мен құқық қорғау органдарының құлағына шалынып, Мұхамедиұлының талай қылықтары мен байлықтарының арты ашылып тергеліп жатыр. Әділдік деген осы шығар, ол тек Құдайға мәлім. Бірақ, ағасы сіз Мұхамедиұлын айыптаймын деп, ол кісіге қатысымыз да, таныстығымыз да жоқ айдалада жүрген «Exponat» компаниясының қызметкерлеріне айып таққаныңыз  дұрыс болмады. Арызыңызда тіпті мені Мұхамедиұлының жақын танысы, сыбайласы ретінде көрсетіп, жалған ақпарат беріпсіз. Иә, қазір ол кісіні мен жеке танимын, түрмеде таныстық», –  деді ол әрі қарай.

Дереккөз: Halyq Uni