Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы колледждері студенттеріне заңсыз айыппұл салып келген

Осы уақытқа дейін студенттерге 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Алматы колледждері студенттеріне заңсыз айыппұл салып келген
фото: qazaqstan.tv

Алматы прокуратурасы колледждерге студенттің сабақтан қалғаны үшін айыппұл салу заңдылығына талдау жасады, деп хабарлады paryz.kz.

Мониторинг көрсеткендей, кейбір колледждер сабаққа қатыспағаны үшін студенттерге айыппұл салып, ал кейбірі оларға тәртіптік жаза қолданған. Өйткені, жекелеген колледждердің нормативтік құжаттарында студенттерге айыппұл санкцияларын қолдану қарастырылған. Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшілігі осы тармақты алып тастады. 

Осы уақытқа дейін студенттерге 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, 4 мың студенттің шәкіртақысының бір бөлігін кәсіподақ пайдасы үшін заңсыз ұстап қалу фактілері анықталды. Сонда 4,5 млн теңге заңсыз ұсталған. 

"Студенттердің шәкіртақысының бір бөлігін ұстап қалу және айыппұлдарды өндіріп алу бойынша заңсыз тәжірибе қадағалау актісімен тоқтатылды", - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.