Жуырда абақтыдан шыққан Бақытбек Есентаев әлеуметтік желіден парақша ашты. Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева айтты, деп хабарлайды paryz.kz stan.kz- ке сілтеме жасап.
"Ағатайымның жеке парақшасы бар @yesentaev_bakytbek_ тіркелем десеңіздер. Көп сұрап жатқан оқырмандарым, сіздер үшін", - деп бөлісті Нағима Есентаева.
Есентаевтың парақшасына аз уақытта 7 мыңнан аса адам жазылып үлгерген. Олардың арасында Айнұр Тұрсынбаева, Гүлзира Айдарбекова сынды елге белгілі тұлғалар да бар.
Есентаев түрмеден шыға салысымен өлім аузынан қалған ағасымен жүздескен. Нағима Есентаеваның айтуынша, 2020 жылы коронавирус жұқтырған үлкен ағасының өкпесі 95 пайызға қабынған. Ол екеуінің кездескен сәтінен фото жариялап, өткен күндерді еске алды.
"Осы күнді ұзақ күттік. Аллаға шүкір, бұл күнге де жеттік. Өткен күнде белгі жоқ дегендей, небір өткен қиын күндер мен ұйқысыз өткен түндер, бәрі бір сәтте ұмытылғандай.
Қос ағам, қос қанатымның осылай кездесуін көре алмай қалам ба деген жаман ойлар да болды. Үлкен ағам 2020 жылы 95% өкпесі қабынып, ковид болып, есіміз шыққан еді. Бауыр деген өте қымбат қой. Інімді көруім керек, қайткенде күтіп алдынан шығуым керек деген қатты талпынысы болып, ал інісі темір тордың ар жағында отырса да тамыр-таныс врачтарға звондап, әйтеуір дегенде бір Алланың арқасы, екінші дәрігерлердің арқасы, осылай екі бауырдың аман-есен құшақтасып тұруы. Құдайға мың бір тәуба, осы күнге жеткізген!" - деп жазды Есентаева.