Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қостанай облысында жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды

Полицияға жоғалған баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабар келіп түсті. Алқап қоршауға алынып, дрон көкке көтерілді, деп хабарлайды paryz.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанай облысында жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды
Фото: stan.kz

Қостанай облысында жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық ПД баспасөз қызметі 8 тамызда сағат 21:00-дегі шолу жұмысы жүргізіліп жатқан аумақ 50 гектарды құрайтынын айтты.

Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын баса айта кетелік. Тобыл өзенінің екі шақырымнан астам арнасы зерттелді. Тікұшақ пен ұшақ та іздеу жұмыстарына тартылды. Іздеу жұмысына атты кавалерия да өз үлесін қосуда. Қызметтік-іздестіру иттері де қолданылуда.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері бала жоғалғаннан бастап хронологияны минут сайын жаңғыртып отыр.

Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Қайрат Бисембин қыздың таңғы жетіде ас үйдің екінші қабатының терезесінен шығып, газ құбыры көмегімен күнқағарға түсіп, күнқағардан ағашқа мінгенін айтты.

Осы уақытта ауладағы шуға елеңдеп, есік алдына шыққан көрші ағаштан баланы түсіріп алған. Ер адам баланы көтеріп алып, пәтеріне апарады. Ол есікті қағып тұрғанда қыз бала сытылып шығып, көшеге қарай жүгіре жөнелген.

08: 04 - бала бейнебақылау камерасына түскен және оны ауыл тұрғыны көрген. Содан кейін қыз Қостанай-Веденка тас жолына қарай жүгіреді;

08:06 - тағы бір куәгер қызды орталық көшеден көрген;

08:24 - баланы ауылға қарай келе жатқан тракторшы көреді;

08: 30 - қызды ауылға қарай келе жатқан велосипедші көреді.

Қазіргі уақытта іздеу шаралары қыз жоғалған орыннан 9 шақырымда орналасқан көрші Алтын дала ауылында жүргізіліп жатыр. Жақында қызды жүгері алқабынан көргендер бары туралы ақпарат пайда болды.