Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Оралдағы кәсіпкерді не себепті өлтіргені белгілі болды

Оралда кәсіпкердің өліміне байланысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Оралдағы кәсіпкерді не себепті өлтіргені белгілі болды
Фото: видеодан скриншот

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткеніндей, куәгерлер сөзіне қарағанда, кәсіпкерді өлтіруге төленбеген жалақы негізгі себеп болған.

Департамент мәліметі бойынша күдікті уәһабшылдық немесе басқа деструктивті діни ағым бағытын ұстанған, сондай-ақ радикалдық идеяны таратқан деген деректер істе жоқ.

«Қазіргі кезде күдіктілерді ұстауға облыстың барлық полицейлері жұмылдырылған. Облыстың барлық аумағында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар көршілес облыстар, соның ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына да деректер жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бірнеше жерден пышақ жарақатын алған ер адамның мүрдесі табылғанын, кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз.