Белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебреисус шапан киіп, ат мінді.
Оған мұндай құрметті қазақстандық туыстары көрсеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Exk.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанға қыдырып келген Тедрос Адханом Гебреисустың қазақи шапан киіп, атқа мінген видеосы ғаламторда тарады. Онда тау бөктерінде мерекелік кештің өтіп жатқанын байқауға болады.
Шетелдік қонаққа домбырашылар күй тартып, шабандоздар ат үстінде түрлі өнерлерін көрсетіп жатыр.