Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауыл әкімі әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді

Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий әлеуметтік желілерде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді, деп хабарлайды Paryz.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл әкімі әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді
Фото: stan.kz

Виталий Бруцкийдің айтуынша, Instagram парақшаларының бірінде ол өзінің досына 18 гектар жер рәсімдегені туралы видео жарияланған. Бұл учаске азаматтардың шағымы бойынша тексерілгені айтылған. Оның аумағы «тазаланбаған, қазаншұңқыр, қабыршақ, құбырлар қалдырылған».
Автор аталған постқа өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, прокуратура мен облыс әкіміне назар аударуды сұраған. Оның сөзінше, егер мәселе шешілмесе, Президентке жүгінеді.
Алайда, ауылдық округ басшысы В.Бруцкий таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұдан бөлек, Виталий Бруцкийдің атына өзге бір азамат қорлық сөздер жолдаған. Мәселен, «Депутатқа сұрақ» WhatsApp-чатында ер адам ауыл әкімін әрекетсіздік үшін айыптап, дауыстық хабарлама жіберген.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий сотқа арызданып, онда Instagram және WhatsApp-та таратылған өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерден бұл ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады. Сондай-ақ моральдық зиян үшін екеуінен де 500 мың теңгеден өндіріп алуды талап етті.
Жауапкерлердің біріне қатысты істі Павлодар қалалық соты қарауға кірісті.