Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Таразда орысша түсінбегені үшін қазақ азаматын ұрып-соққан (ВИДЕО)

Желіде орыс тілін түсінбегені үшін қазақ азаматының мұрнын бұзғаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

Таразда орысша түсінбегені үшін қазақ азаматын ұрып-соққан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласының тұрғынын орыс азаматы көк ала қойдай ұрып, мұрнын бұзған.

"Мен бұлай эфирге шығамын деп ойламадым. Ұялы телефонмен сөйлесіп шығып жатқанмын сыртқа. Бір орыс азаматы келді де мекен-жай сұрады. Содан мен сөйлесіп жатқанмын өзім, қазақшалап мен білмеймін ол жерді, жүре беріңіз дедім. Ол баған бірден шүйлікті, мен орысша түсінбегенім кінәлап тұр. На*ху мне казазский язык, орысша үйреніп ал дегенді айтып тұр. Боқтағанына ызам келді. Содан жұдырық ала жөнелді, соңы төбелеспен аяқталып 3-4 жерімнен зақым алдым, басым, мұрным сынды. Міне осылай видеоға шығуға мәжбүр болдым",- деді.

Желі қолданушылары: "Оңбаған өлтіру керек","Масқара","Елден құрту керек","Осындайлар құртады ғой","Тараздықтар не қарап отсыңдар?","Қазақша үйренсін",- деп жазды.