Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ағылшын да, орыс тілі де жоқ: 1-сынып оқушылары енді тек қана ана тілде білім алады

Оқу-ағарту министрлігі 1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алатынын мәлімдеді. Бұл шешімді белді депутаттардың өзі де қолдап отыр деп жазады Рaryz.kz Аdyrna.kz сілтеме жасап.

Ағылшын да, орыс тілі де жоқ: 1-сынып оқушылары енді тек қана ана тілде білім алады
https://adyrna.kz/post/123464

Олардың пікірінше, басқа мемлекеттерде ең алдымен бала миына ана тілін жетік меңгертеді.

Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар, — дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.

Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жасының деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осылайша шет тілін 3-сыныптан бастап енгізген дұрыс, — дейді тілтанушы ғалым Таңат Аяпова.