Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

COVID-19: ШҚО-да дүниеге келген 14 нәрестеден вирус табылды

Бұған дейін өңірде пандемия басталғаннан бері 166 кәмелетке толмаған бала коронавируспен ауырған.

COVID-19: ШҚО-да дүниеге келген 14 нәрестеден вирус табылды
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Біздің облыста 180 жүкті әйелден коронавирус инфекциясы анықталды. 14 жаңа туған нәрестеде өмірдің алғашқы күнінде өткізілген ПТР тестінің нәтижелері оң болып шықты", - деді Асқар Хорошаш.

Сонымен қатар, ол барлық инфекция жұқтырғандарға қажетті медициналық көмек көрсетілгенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін өңірде пандемия басталғаннан бері 166 кәмелетке толмаған бала коронавируспен ауырған. Кейін олардың 165-і үйде емделді. Бір бала ауруханада жатыр.