Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

5 әйелі, 11 баласы бар: Қайрат Сатыбалдының отбасына қатысты тың деректер айтылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың қамауда отырғаны немере інісі Қайрат Сатыбалдының 5 әйелі, 11 баласы бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Рaryz.kz  ulysmedia.kz сілтеме жасап.

5 әйелі, 11 баласы бар: Қайрат Сатыбалдының отбасына қатысты тың деректер айтылды
ашық дерек көздерінен

Қайрат Сатыбалдының ресми тіркелген бір ғана некесі болғаны белгілі. Олигархтың бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ажырасқаннан кейін ұзақ жылдар бойы АҚШ-та тұрды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілініп, 16 наурызда ұсталды. Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Сот 9 шілдеде Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.

Экс-президенттің бауыры одан бөлек тағы төрт әйел алғаны анықталды: Әсел, Саида, Асылжан және Ангела. Алайда олармен тек мұсылмандық жолмен неке қиғаны болмаса, ресми үйленбеген.

Есімін атамауды өтінген дереккөз Қайрат Сатыбалдының тергеу изоляторында отырып өзінің бейресми әйелдерінің бірімен некесін заңдастырғалы жатқанын хабарлады.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың  немере інісі осы жылдың 13 наурызында Алматы әуежайының аумағында ұсталған еді. Дубайға ұшпақ болған ол 1,5 млрд АҚШ долларын ала кеткісі келген