Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Жәрдемақы алып беремін": тұрғындарды сан соқтырған мемқызметкер ұсталды

Сондай-ақ осы секілді арызбен полицияға тағы да бір тұрғын шағым түсірді.

"Жәрдемақы алып беремін": тұрғындарды сан соқтырған мемқызметкер ұсталды
Фото: дереккөз

Түркістан қаласында "мемлекеттен жәрдемақы алып беремін" деп, бірнеше тұрғыннан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан қаласының полицейлері "мемлекеттен жәрдемақы алып беремін" деген желеумен бірнеше тұрғынның ақшасын жымқырған Жұмыспен қамту орталығының бұрынғы қызметкерін күдікті ретінде ұстады.

Өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны мемлекеттік қызметкерге "мемлекеттен жәрдемақы алып беремін" деген сөзіне сеніп, 55 мың теңге берген. Арада бір жыл өтеді, қызметкерге бірнеше рет жолығып, ақшасын талап етеді. Алайда қызметкер жұмыстан шығып кеткенін сылтауратып, уәде еткен жәрдемақыны да, тұрғынның берген ақшасын да қайтармайды.

Сан соғып, оңбай алданғанын түсінген жәбірленуші ПБ-ға арызданып, полицияның көмегіне жүгінді. Сондай-ақ осы секілді арызбен полицияға тағы да бір тұрғын шағым түсіреді.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Қалалық полицейлердің жедел іздестіруінің нәтижесінде күдікті ер азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, Жұмыспен қамту орталығының бұрынғы қызметкері болып шықты.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Себебі күдіктінің тағы да бірнеше жайттқа қатысы болуы мүмкін. Күдікті қолхатпен босатылды.