Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Машаллаһ!..": Димаштың сақалы бар, мұрты жоқ кейпі – ел назарында

Айна алдында мың құбылатын кезі ғой әлі. Кім білсін...

"Машаллаһ!..": Димаштың сақалы бар, мұрты жоқ кейпі – ел назарында
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Қазақтың 21-ғасырдағы әлемге әйгілі жалғыз әншісі Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына жаңа стилде түскен суретін жариялады. Бұл жолы ол жағына үрпиген сақал өсіріп, мұртын қырып тастаған екен. Желідегі жанкүйерлерінің дені сүйікті әншілерінің бұл кейпін "жатырқап", одан сақалын қырып тастауды өтінуде, деп жазды paryz.kz.

Жақтаушылар да аз емес, әрине. Ә дегеннен "Сақалыңды алшы, пожалуйста!" деген алғашқы пікірге: "Не болыпты, сақал болса?! Қуасың ба?" - деп бір азамат дүрсе қоя берді. Желі қолданушылардың енді бірі: "Мүмкін дін жолына түскен шығар. Керемет емес пе?" - десе, екіншісі: "Сақал – мұсылмандар үшін өмірінің бір бөлігі. Сондықтан ол осылай бұрынғысынан да әдемілене түскен. Машаллаһ! Әрдайым осылай жүріңіз!" - деп мәз.

Сондай-ақ, сақалы бар, мұрты жоқ кейіпті ұнататын келесі пікір иесі: "Керек десең, мұсылмандар осылай сақал қояды! Өзін әйелден ерекшелеп тұру үшін", - деп әлдебір діни ағым өкілдері жиі айтатын таптаурын уәжді қоса қойды.

Кім не десе о десін, әйтеуір, әдебиет, мәдениет, спорт саласындағы біраз белгілі қаракөздеріміздің ата-бабасынікіне ұқсамайтын мұртсыз сақал мен хиджабты "сәнге" айналдырып алғаны мәлім. Ал Димаштың жаңа имиджі түр-әлпетін өзгертіп көруге деген жастық қызығушылығы шығар. Айна алдында мың құбылатын кезі ғой әлі. Кім білсін...