Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматы облысында адам бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Барлық күдікті ұсталды. Негізгі күдіктінің бұған дейін де екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Алматы облысында адам бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында адам бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Балпық би кентінің 28 жастағы тұрғынының жұртты бопсалаумен айналысып, жастарды қорқытып, олардан ақша жинайтыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы зардап шегуші әлдебір адамның аудан орталығындағы сауда үйлерінің бірінде өзін қылмыстық ортаның "серкесімін" деп қорқытып, зорлық көрсетіп, бір апта ішінде белгілі бір соманы тауып беруді талап еткенін айтқан. Күдікті жәбір көрсетушіге полицияға жүгінген жағдайда, кез келген жерде оған қылмыскерлердің маза бермейтінін айтып, өзінің қылмыстық ортамен тығыз байланысы бар екенін түсіндірген", - делінген ПД хабарламасында.

Ол сол жерде жәбірленушінің телефон нөмірін жазып алған. Бірнеше күннен кейін жәбірленушіге қоңырау шалған екі адам бопсалаушы айтқан қаржыны алып кеткен.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Барлық күдікті ұсталды. Негізгі күдіктінің бұған дейін де екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ұсталған азаматтардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.