Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Жемқорлық факторлары да кездеседі": мемлекеттік қызмет алудың машақаты көбейген

2 миллионнан астам азаматтың 30%-ы шын мәнінде мемлекеттік қызмет алуға қатысты шағымданған.

"Жемқорлық факторлары да кездеседі": мемлекеттік қызмет алудың машақаты көбейген
фото: ашық дереккөз

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызмет ұсыну мерзімдерін бұзып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Жағдайды талдау үшін Бас прокуратурамен бірге халықтан түскен арыздарды тексердік. Нәтижесінде, 2 миллионнан астам азаматтың 30%-ы шын мәнінде мемлекеттік қызмет алуға қатысты шағымданған. Мұндай арыздар күнделікті өтініш ретінде қаралады. Демек, мониторинг жүйесінде тіркелмегендіктен, ХҚКО-да мерзімдері бұзылып отыр. Сосын, әрине, сыбайлас жемқорлық факторлары да кездеседі", - деді Мусин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, енді 200-ден астам қызметті алу үшін азаматтар тікелей мемлекеттік органдарға немесе әкімдікке жүгіне алады.