Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Құдай маған миды аямай берген": Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

"Бірақ бір сәтте ар-ұят дегенді ұмыттым" деген экс-банкир барахолкада киім сатқанын да тілге тиек етті.

"Құдай маған миды аямай берген": Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

Экс-банкир Жомарт Ертаев мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға сотталды, деп хабарлады paryz.kz.

Экс-банкир Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Банкир сотта ол өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. 

"Маған Құдай миды аямай берген, бірақ, бір сәтте мен ар-ұят дегенді ұмыттым" деген экс-банкир барахолкада киім сатқанын да тілге тиек етті. Сотта Ертаев бостандыққа шыққаннан кейін "Бүреудің мүлкіне қол сұқпа" және "Нағыз бақыт деген не?" деген тақырыптарда кітап жазып, дәріс оқитынын да атап өтті.

Айта кетейік, бұл іске қатысты тағы 36 адам қоса тергелді. Экс-банкир басқа қылмыстық іс бойынша да айыпталуда. Ол бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі көлемде ұрлауды ұйымдастырды деп айыпталуда.

Bank RBK, "Арнайы Қаржы Компаниясы DSFK" ЖШС, Qazaq Banki және Еуразиялық банк "жәбірленушілер" деп танылды.