Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Борат24" интернет-дүкені арқылы есірткі сатқан

Бұл ретте, алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы "майнинг ферма" анықталды.

"Борат24" интернет-дүкені арқылы есірткі сатқан
Фото: дереккөз

2020 жылдың сәуір-қазан аралығында ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және "Борат24" интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді, деп хабарлады paryz.kz, ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трансұлттық есірткі құрылымына 34 қатысушы ұсталып, 8 есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен әкелінген 40 кг психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің қара нарықтағы бөлшек құнының болжамды бағасы - 600 млн теңге (80 мың мөлшерлеме).

Одан басқа, "биткоиндар" сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптоайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді.

"Бұл ретте, алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы "майнинг ферма" анықталды. Есірткі құрылымының көмекшілері 2 жылда (2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында) 2,5 млрд теңгеден астам соманы заңдастырған. Көрсетілген фактілер ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 4-тармағы, 264-бабы 2-тармағы, 286-бабы 4-тармағы және 218-бабы 3-тармағы бойынша тіркелді", - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.                                

Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды Тырнақтың астынан кір іздейсіз!: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың арықтап кеткенін айтып, жағдайларын тексерді Тырнақтың астынан кір іздейсіз!: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың арықтап кеткенін айтып, жағдайларын тексерді «Адам өлтіргендер де тойлатып жүр ғой»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөз туралы айтып, жан сырын ақтарды «Адам өлтіргендер де тойлатып жүр ғой»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөз туралы айтып, жан сырын ақтарды Семейде оқушылардың тепкісіне ұшыраған балаға халық 35 млн теңгенің үйін алып берді Семейде оқушылардың тепкісіне ұшыраған балаға халық 35 млн теңгенің үйін алып берді «95 млн теңге қарызға батқан». Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды «95 млн теңге қарызға батқан». Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті «Қазақстаннан жаппай жер сатып алайық». Қытайлық азамат желіде өз отандастарына ой тастады «Қазақстаннан жаппай жер сатып алайық». Қытайлық азамат желіде өз отандастарына ой тастады Оқушылардың ораза ұстауына қатысты белгілі ұстаз пікір білдірді Оқушылардың ораза ұстауына қатысты белгілі ұстаз пікір білдірді «Шошып кеттім»: Актер Рахман Омар Назарбаев әулетінде өткен тойды қалай жүргізгенін айтып берді «Шошып кеттім»: Актер Рахман Омар Назарбаев әулетінде өткен тойды қалай жүргізгенін айтып берді