Оның үшеуі бастауыш сыныпта жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлады paryz.kz, "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, 1 қарашадан бері өңірде 45 бала COVID-19 жұқтырған. Оның 19-ы - 5-10 жастағылар.
"Балалардың 80 пайызында симптом белгілері байқалмаған. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 1 қыркүйектен бері облыста 6 мектеп карантинге жабылды, олардың үшеуі аудандарда орналасқан. 7 тәрбиеші мен олардың көмекшілері, әрі мектепке дейінгі мекемелердің 7 тәрбиеленушісі вирус жұқтырған", - дейді Нұрлыбек Мұстаев.
Сонымен қатар, ол 20 мұғалімнен COVID-19 анықталғанын атап өтті. Оның үшеуі бастауыш сыныпта жұмыс істейді. Мектептердегі 18 кезекші сынып карантинге жабылған.
"Ауру анықталған мектептер мен балабақшаларда дезинфекция жүргізілді, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.