Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алты ай аш жүрсең, көлік аласың!

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымен сандыққа салынады.

Алты ай аш жүрсең, көлік аласың!
фото: autonews.ru

РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс, деп жазады kolesa.kz.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымен сандыққа салынады. Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз.

Біздің елде жүрілген көліктің орташа бағасы 2 млн теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен. Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі.

Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында - 386,7 және 317,7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда - 282,5 мың теңге, Алматыда - 238,7 мың, ал Шымкентте - 164,2 мың теңге.

Дегенмен, ресейлік мамандардың кеңесіне сүйенсек, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да жүретін көлік сатып ала алады.