Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке жеккен

Тергеу барысында ұсталған әйелдің Алматыға жерлестерін "жалақысы көп жұмыс тауып беремін" деген желеумен алдап шақырып алғаны белгілі болды.

Алматыда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке жеккен
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 17 жастағы қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелеген азамат анықталды. Сондай-ақ оның бұрын жаңа туған баласын сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол жезөкшелікпен айналысуға 17 және 22 жастағы қыздарды тартқан. Жезөкше притоны Медеу ауданындағы Пушкин көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде ұйымдастырылған. Тергеу барысында ұсталған әйелдің Алматыға жерлестерін «жалақысы көп жұмыс тауып беремін» деген желеумен алдап шақырып алғаны белгілі болды. Алайда, оларды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген", - деп мәлімдеді Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.