Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ел азаматтарының қандай жағдайда күзетші бола алмайтыны айқындалды

Қазір Қазақстанда 5 мыңнан астам жеке күзет ұйымы бар. Күзету және қаруды алып жүру құқығына ие білікті күзетшілердің саны 100 мыңға таяу.

Ел азаматтарының қандай жағдайда күзетші бола алмайтыны айқындалды
фото: olx.kz

Қазақстанда күзетшілерді жұмыстан босатуға болатын жағдайлардың тізімі бекітілмек. Ол адамдар сотталмаған және психикалық дамуында тежеуі болмауы керек, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, "Күзет қызметі туралы"заңға теріс себептермен жұмыстан шыққан азаматтарды күзетші қызметіне алуға рұқсат ету нормасы енгізілген.

"Күзет қызметі туралы" заңнан бұрын теріс себептермен жұмыстан шыққан адамдарға күзетші лауазымында жұмыс істеуге тыйым салу туралы нормаларды алып тастау ұсынылады. Өйткені, заңнамада "теріс себептермен жұмыстан шығару" деген ұғым жоқ және Еңбек кодексінде осы негіздер бойынша еңбек шарттарын бұзу көзделмейді", - деді Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов.

Депутаттар бастамашы болған құжатқа сәйкес, күзетші қызметіне жұмыс беруші 40-тан астам әкімшілік құқықбұзушылыққа барған адамды ала алмайды. Алайда, еңбек кодексі бұл заңға қарама-қайшы. Онда келісім-шартты бұзу кезінде мұндай нормалар жазылмапты. Депутаттар мәселені шешіп, жұмыс берушілердің құзіретін кеңейтіп берді. Енді басшылар қандай да бір құқық бұзған, денсаулығында кінәраты немесе психикалық аурумен есепте тұрған күзетшілерді жұмыстан шығаруға құқылы.

Қазір Қазақстанда 5 мыңнан астам жеке күзет ұйымы бар. Күзету және қаруды алып жүру құқығына ие білікті күзетшілердің саны 100 мыңға таяу.