Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматыда сексен адамды сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды

Тергеу барысында оның 2018 жылдың сәуір айынан бастап аңғал азаматтарды алдап келгені анықталды.

Алматыда сексен адамды сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды
фото: polisia.kz

Алматыда 80-нен астам адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды деп хабарлады paryz.kz.

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Алматы қаласының аумағында алаяқтықпен айналысқан 1990 жылы туған азаматшаны ұстады.

«Күдікті Алматыға Ақмола облысынан келген. Тергеу барысында оның 2018 жылдың сәуір айынан бастап аңғал азаматтарды алдап келгені анықталды. Достары мен таныстарының арасында қарыз алушылардың несиесін жабуға ақылы түрде көмектесемін деген аңыз таратқан. Ол жәбірленушілерден ақша алып, банктер мен несиелік ұйымдар алдындағы қарызының алғашқы айларына ғана төлеген. Заңсыз жолмен тапқан ақшаны өз қажетіне жұмсаған», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен 80-нен астам азаматтың зардап шеккені анықталып, қамауға алынды. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) тергеу жүріп жатыр.