Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Павлодар облысында мектеп карантинге жабылды

"Сонымен қатар, педагогтар арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді".

Павлодар облысында мектеп карантинге жабылды
фото: nege.kz

Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген. Оның 23-інде індет белгілері бар.

"37 бала қашықтан білім алды, ал 24 бала мектепке барды. Сонымен қатар, педагогтар арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді. Оның төртеуінде COVID-19 симптомы жоқ. Қазіргі таңда Ақсудағы №2 орта мектеп карантинге жабылды", - делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, білім ордасында оқитын бірінші сыныптың екі оқушысы мен педагог коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар, Тереңкөл, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз және облыс орталығының оқушылары арасында да коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Алайда бұл оқу процесіне әсер етпеген.

Айта кетейік, Павлодар облысында 4787 адам COVID-19 жұқтырды. 4182 науқас айықты, 58 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 117 904-ке жетті. 108 387 науқас жазылды, 1 899 адам аурудан көз жұмды.