Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Полицейді боқтап, қоғамдық жұмысқа тартылды

Анна Степанованың өз жұмысының болуына байланысты, сот үкіміне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды күніне төрт сағаттан орындайды.

Полицейді боқтап, қоғамдық жұмысқа тартылды
Фото: дереккөз

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының тұрғыны Анна Степанова учаскелік полиция инспекторын балағаттағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлады paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл шілде айында Мәртөк аудандық полиция бекетінің кезекші бөліміне қыз бала телефон шалып, анасының ішімдік ішкен күйде отбасында жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлайды. Алайда, құқық қорғау қызметкерлері шақырту түсірген мекен жайға келген кезде, олардың қызының шақыртуымен келгенін естіген азаматша Анна Степанова ашуға беріліп, өзін агрессивті ұстап, учаскелік инспекторды балағаттайды. Мәртөк аудандық сотының үкімімен Анна Степанова учаскелік полиция инспекторын қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаман сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздермен қорлағаны үшін ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігінде көзделген, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалады.

"Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Анна Степанованың өз жұмысының болуына байланысты, сот үкіміне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды күніне төрт сағаттан орындайды. Яғни, он жұмыс күні ішінде аталған есепте тұрған сотталған азаматша аудан көшелерін немесе саябақтарды қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеу секілді жергілікті атқарушы органдар және Мәртөк ауданының пробация қызметі ұйымдастыратын басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындайтын болады", – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.