Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Жауапқа тартамыз!": "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров карантин кезінде тойда жүрген

"Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында".

"Жауапқа тартамыз!": "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров карантин кезінде тойда жүрген
фото: nur.kz

Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

ШҚО Білім басқармасы танымал балуан және Семей колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.

"Барлық қызметкер мен оқушыларына үлгі болып саналатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Демалыстан шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Оқытушылар қауымын шектеулерді сақтауға, қашықтық сақтаудың, бетперде тағудың, санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсете білетін үлгі болуға шақырамыз", - делінген ШҚО Білім басқармасының ресми хабарламасында.