Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жаппай төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қаза тапты

Айта кетейік, қоғам белсендісі Дулат Ағаділ осы жылдың ақпан айында тергеу изоляторында көз жұмған болатын.

Жаппай төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы қаза тапты, деп хабарлады zakon.kz.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшам ауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқанын анықтады. Салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі ("Кісі өлтіру") және 293-бабы, 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар бар. Жанжалдың барлық тараптарын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша төбелескендердің әрқайсысының іс-әрекетіне заңды баға беріледі.

Айта кетейік, қоғам белсендісі Дулат Ағаділ осы жылдың ақпан айында тергеу изоляторында көз жұмған болатын. Ол сотты құрметтемеу, судьяға, сот отырысына қатысушыларға тіл тигізу және тергеу әрекеттерінен жалтару сынды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталды. Оның өліміне жүрек ауруы себеп болғаны айтылды.