Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Екібастұз қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.
Мониторинг тобы 6 қарашада сағат 17:45 шамасында Екібастұз қаласы, Абай көшесінде орналасқан "Бәйтерек" мейрамханасының банкет залында 60-тан астам адамның қатысумен өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті, деп хабарлады paryz.kz, Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тойға келген меймандардың бәрі таратылып, мейрамхана директорына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, 7 қарашада М.Жүсіп көшесінде орналасқан "Пирамида" сауда үйіндегі "Планета одежды" бөлімі карантиндік шектеулерге қарамастан, демалыс күні де жұмыс істеген.
Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Екібастұз қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.
Павлодар облысындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 9 қараша, яғги бүгіннен бастап шектеу шаралары күшейтілді. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы 20:00-ге дейін шектелген. Сондай-ақ азық-түлік емес, жабық және ашық базарлардың жұмысы тоқтатылады. Моншалар мен сауналар да жұмыс істемейді.
"Азаматтардың денсаулығы аса маңызды. Карантин режимін сақтамаған адамдар жауапкершілікке тартылады. Өйткені, олар өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді", - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты "қызыл аймақтағы" өңірлердің қатарына Павлодар облысы да қосылды.