Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Келес аудандық ПБ қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Түркістан облысы Келес аудандық ПБ кезекші бөліміне аудан тұрғыны гаражында тұрған автокөлік ішіндегі 2 миллион теңгесінің жоқтығын көріп, бірден полиция бөліміне арызданды, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеп, бірден күдіктіні іздеуге кірісті. Қылмысты ашу мақсатында аудандық полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Келес аудандық ПБ қызметкерлері күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азамат жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
Тергеу барысында жігіттің бұдан бұрын басқа да жайттарға қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ол ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.