Қазақстан дәрігерлері бірлесіп, оны үй қамағына босату туралы хат жазды. Тіпті, оны қолдауға арналған петиция басталды.
Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлады paryz.kz.
"Менің қорғауымдағы Біртанов Елжан бүкіл Қазақстандағы әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оны қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтады. Бұрынғы министр үшін қазақстандықтардың қолдауы туралы білу маңызды болды. Бұл - ол үшін үлкен мәртебе", - деді адвокат.
Еске сала кетсек, 3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.
Осыдан кейін Қазақстан дәрігерлері бірлесіп, оны үй қамағына босату туралы хат жазды. Тіпті, оны қолдауға арналған петиция басталды. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан сотына белгілі дәрігерлер мен депутаттар кепілдеме берді. Нәтижесінде, Біртанов 7 қарашада үй қамағына алынды.