Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елордада жатақханадағы бөлмеге 700 адам тіркелген

Елордалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері мен нақты тұрып жатқан үйіне уақтылы тіркелуге шақырады.

Елордада жатақханадағы бөлмеге 700 адам тіркелген
Фото: ашық дереккөз

Елордалық полицейлер бір жатақхана бөлмесінде 700 адамның тіркелгенін анықтады, деп хабарлады paryz.kz

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700-ге жуық адам тіркелгенін мәлім етті. Тұрғын үй иесі жатақханада тұрмайтын адамдарды тұрақты негізде тіркеп отырған көрінеді. Полиция қызметкерлері аталған мекен жайға бірнеше рет барған, алайда тіркелген тұрғындарды анықтау мүмкін болмапты. Көршілердің айтуынша, бөлме бос және онда ешкім тұрмайды.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бөлме иесінің қайда екенін анықтап жатыр, оған әкімшілік шаралар қолданылады. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы пәтер иелері үйіне көп адамды тіркеуге мүмкіндік алады", - делінген хабарламада.

Елордалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері мен нақты тұрып жатқан үйіне уақтылы тіркелуге шақырады.

"Мекен жай мәліметтерінде алшақтық болған жағдайда, оларды өзектендіру үшін ХҚКО-дағы аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгініңіз. Сондай-ақ, тұрғын үй иелерін оларда тұрмайтын адамдарды тіркеуден уақтылы шығаруды сұраймыз", - деді тәртіп сақшылары.